Әлем • 28 Наурыз, 2024

ҒАЛАМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ: Құм батареясы

152 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Финдер бүкіл қаланы жылыту үшін «құм батареясын» салып жатыр.

ҒАЛАМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ: Құм батареясы

«Polar Night Energy» компаниясы орта­лықтандырылған жылу жүйесін іске қос­пақшы. Күллі қаланы жылытуға шамасы жететін «құмды аккумулятор» қаржы жағынан да тиімді көрінеді. Негізінен, өндірілетін энергияны сақтау қалпы – әртүрлі. Мысалы: кәдімгі литий батареялары, гидравликалық электр стансасы, тұз балқымаларындағы батареялар, көмірқышқылды аккумуляторлар, тағы басқалары. Алайда, бұлардың дені көп шығын әкеледі, идеологиялық тұрғыдан да – сәтсіз шешім. Сондықтан да финдіктер энергияны сақтаудың жаңа тәсілдерін табуды мақсат тұтқан. Әзірлеушілердің айтуынша, олардың жаңа әдісі өте жақсы оқшауланған. Ол жинақталған энергияны бірнеше ай бойы сақтай алады. Ал жылу алудың жасампаз жолын іске асыру үшін мамандар құмды экологиялық таза көздерден алады.

 

Үйренетін-ақ әдіс

вап

Техас тұрғыны Рэнди Вагнер су тасқынынан құтылу үшін үйінің айналасына плас­тика­лық тосқауыл қойып, айла тап­қан деседі.

Ол көктем жақындағанда 120 метрлік плас­тикалық құбырды әкеліп, үйін қор­шайды. Оны құм дорбаларымен нығайтады. Бұл қылығын көршілері түсінбей, дабыра да қылады. Бірақ қаланы су басқан кезде, Рэнди тасқыннан зардап шекпеген жалғыз адам болады. Апаттан қаладағы үйдің бәрі зардап шегіп, оның үйі ғана бүтін қалғанда, айналасындағылар қатты таңданған. Пластикалық құбырға 8 300 доллар жұмсаған ақылды жігіт – 150 000 мың доллар шығыннан аман қалған.

Тосыннан келетін бәледен үй иесі осылай құтылыпты. Рас, үкімет өзегіңді талдырмайды. Дегенменен өзіміз «бірдеңе» қылмасақ, тағы болмас...

 

Метеорит денесіне түскен

апр

Тұңғыш болған керемет сезім шығар. Колумб Американы ашты, Попов радионы ойлап тапты, Нил Армстронг айға аяқ басты...ал Энн Ход­жеске метеорит соғылды.

30 қараша. 1954 жыл. АҚШ-тың Ала­бама штаты Талладега аумағы Сулакога қала­сы. 34 жастағы Энн үйін­дегі диванда ұйық­тап жатыр. Кенет салмағы 3,86 кило бо­латын метеорит бөлігі Ходжес үйінің төбе­сін тесіп өтіп, ұйқыдағы арудың жамба­сына тү­седі. Қуанышқа орай, Энн ауыр жарақат алған жоқ. Тек денесі көгереді. Метеорит қаланың атымен «Сулаког» деп аталды, ал балама атауы «Ходжес» болды.

Алдымен, ережеге сәйкес, нысанды әуе күштері тексеріп, ресми қорытынды жасалды. Сосын Энн үшін күрес басталды. Ол «ғарыштық ойыншыққа» айнала жазады. Артынан адамдар түсіп, өміріне қауіп төнген. Осы тұрғыдан көп қиындық көрген ол, түптің түбі метеоритті Алабама мұражайға табыстап, тыныштық тапты. Ғалам қызық қой.