Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Шетел радиосында –­­ қазақ күйлері

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бес құр­лықта танымал қа­зақ күй­­лері күм­­бірледі. Күй­ші Құр­ман­­ғазы, Дай­ра­­бай Ерна­зар­ұлы мен Түркеш Қалқа­ұлы­­ның ком­по­зи­цияларын 26 елдің радио тың­дау­шылары тыңдады.

Шетел радиосында –­­ қазақ күйлері

Фото: el.kz

Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Мажарстан, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия, Оңтүстік Африка радиостансалары бар.

Шетелдік радиостансаларда қазақ күй­лерін рота­циялау Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің ұйым­дастыруымен іске асып отыр.

Шетелдік радиостансаларда ротация­лауға Құр­манғазы атындағы Қазақ мем­ле­кеттік ака­де­мия­лық халық аспаптары оркес­трінің орындауындағы «Көңіл­ашар», «Сары­арқа», «Балбырауын», «Адай», «Сер­пер», «Дай­ра­бай­дың күйі» композициялары жібе­рілді.

«Шығыстан Батысқа дейінгі түрлі ел­де бел­гілі қазақ күйлерін ротациялау – Қазақ­стан­ның бай мәдени мұрасын жаһанға насихаттау үшін жасалған шағын болса да, маңызды қадам және радио тыңдаушыларды домбыра үнімен таныс­тыратын бірегей мүмкіндік», деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Сондай-ақ сала басшысы радио­стан­са­лардың қазақ шығармаларына деген қызығу­шы­лығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет­тігін айғақтайтынын атап өтті. Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радио­стансалар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығар­маларымен толығады деп жос­парланып отыр.