Қоғам • 29 Наурыз, 2024

Қарғын сумен күресушілерге арнайы киім тегін тігілді

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ГЛОБАЛ-Спецодежда» тігін кәсіпорнының шеберлері Ақтөбе облысында күндіз-түні су тасқынымен күресіп жатқан жандарға 1057 бірлік арнайы киім тіккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарғын сумен күресушілерге арнайы киім тегін тігілді

Ыңғайлы және жылы киім жиынтықтары Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының құтқарушылары мен еріктілеріне тегін таратылды.

«Көктемгі су тасқыны Ақтөбе тұрғындарын біраз әбігерге салды. Біз осындай қолайсыз ауа-райында еңбектеніп, тұрғындарға көмектесіп жатқан жандарға өз үлесімізді қосқымыз келді. Оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», деді кәсіпорын басшысы Надежда Шабаева.

Одан бөлек, «ГЛОБАЛ-Спецодежда»қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысушыларды ыстық тамақпен де қамтамасыз етіп жатыр.