Аймақтар • 30 Наурыз, 2024

Ш.Берсиев ауылы тұрғындары аудан орталығындағы пункттерге орналастырылады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға Ш.Берсиевтің тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.

Ш.Берсиев ауылы тұрғындары аудан орталығындағы пункттерге орналастырылады

Ақтөбе облысы әкімдігі

Сондай-ақ дәрігерлік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда, аудандық аурухананың барлық қызметкерлері дайын тұр. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Қосымша Ақтөбеден көпсалалы кең профильді балалар ауруханасынан реаниматолог, хирург, педиатрлармен бірге, №2 Ақтөбе қалалық емханасының бас психологі де эвакуациялық пунктке көшірілетін тұрғындарды күтіп жатыр.

Ш. Берсиев атындағы ауылдың 27 тұрғыны эвакуациялық пунктке бірінші рейспен жеткізілді. Оның ішінде ересектер саны - 19, балалар саны – 8. Барлығы медицина қызметкерлерінің тексеруінен өтіп жатыр.

Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысы