Төтенше жағдай • 30 Наурыз, 2024

Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды

2438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында бөгет бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, Алматы облысының Байкент кентінде Ворошиловский су қоймасының бөгеті жарылған.

«Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасын бойлай шығып, одан кейін барлық шлюздері ашық тұрған тоғандарға құяды. Су транзиттік режимде ағызылып жатыр. Халыққа хабарлау жұмыстары қолға алынды. Елді мекендерді су басу қаупін анықтау жұмыстары да жасалып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен жеке құрамы, облыс әкімі оқиға орнында жүр», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Щербаково бөгеті шлюзінің үстінде жарықтар пайда болып, 29 наурыз, жұма күні сағат 21:40-та бөгет жарылған еді. Осыған байланысты жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары шұғыл эвакуацияланды.