Қоғам • 01 Сәуір, 2024

Қашпақ болған ба? 9 қараша күні Бишімбаев үйінен заттарын алдырған

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласында азаматтық некедегі әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп жазаы Egemen.kz

Қашпақ болған ба? 9 қараша күні Бишімбаев үйінен заттарын алдырған

Экс-министрдің отбасына көмекші болған куәгер Әбіл Нұрқайдардың Бишімбаевтың үйіне жиі барғанын айтты. Ол экс-министрдің отбасына үй жөндеу жұмыстары мен басқа да шауаларына қарасқанын айтады. Ал тапсырманы Бақытжан Байжанов (Қ.Бишімбаевтың туысқан інісі – ред.) арқылы  алып отырған.  

Куәгер қайғылы оқиға орын алған күні Бишімбаевтың інісінен Нүкенованың телефонын алып кеткенін айтады. Бұл тапсырманы да куәгерге Байжанов берген. 

Сондай-ақ экс-министрдің інісі Байжанов Ә.Нұрқайдар арқылы Бишімбаевтың үйінен айыпталушының заттарын алдырғаны да анық болды.