Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

Түркістан облысындағы су қоймалары 69%-ға толды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта өңірдегі жағдай біршама тұрақталды. Өзендердегі су деңгейі де қалыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысындағы су қоймалары 69%-ға толды

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Айта кетсек, өңірдегі су қоймалары 69%-ға толды.

«Бүгінгі күні Шардара 93%-ға, Бөген 97,6%-ға, Қосқорған 97,3%-ға, Майдантал 100%-ға, Ырмақ 91,98%-ға, Арыстанды 91%-ға, Торлан 99%-ға толды. Сырдария өзеніндегі жағдай қалыпты. Өзбекстан аумағынан секундына 600 текше метрге жуық су келіп жатыр. Өзен бойындағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Облыс аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек азаматтық қорғау қызметтерінің күші мен құралдары әзір тұр.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, өңірдегі 915 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтар, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың астындағы көпірлер механикалық тазарту жұмыстарынан өткен. Сондай-ақ 276 метр қорғаныс бөгеттері салынып, тағы 509 метрі нығайтылды.