Аймақтар • 02 Сәуір, 2024

Абай облысында екі адам трактормен бірге суға батып кетті

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы Аягөз ауданы Қарағаш ауылында трактормен бірге суға батып кеткен екі адамның оқиғасына қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында екі адам трактормен бірге суға батып кетті

Фото: astanatv.kz

«Олар судан өтіп кетеміз деп ойлады», деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Оның айтуынша, бүгінде құтқарушылар су басқан аймақтардағы адамдарды құтқару үшін күн сайын жұмыс істеп жатыр. Олар жиі қиын жағдайларда, соның ішінде қараңғыда электр қуатынсыз жұмыс істейді.

Айта кетейік, 26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам «МТЗ 82» маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.