Қазақстан • 03 Сәуір, 2024

«Үш-төрт рет тептім»: Бишімбаев Нүкенованы қалай ұрғанын айтты

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сотта әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қалай ұрғанын айтып берді. Оның айтуынша, ол Салтанат Нүкенованы 3-4 рет тепкен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үш-төрт рет тептім»: Бишімбаев Нүкенованы қалай ұрғанын айтты

Айыпталушы куәлік беру кезінде «Bau» мейрамханасында болған жанжал туралы айтып берді.

«Оның шашынан ұстап, бетінен төрт рет қатты шапалақпен ұрдым. Ол құлады. Тағы әдейі істеп жатыр ма, әлде өзін жаман сезінді ме, түсіне алмадым. Оның қандай күйде екенін түсінбедім. Ол құлаған кезде мен оның жамбасы мен бөксесінен үш-төрт рет тептім. Мен өмірлік маңызды мүшелерді зақымдай алмайтынымды және зақымдамауым керек екенін түсіндім. Мен ашулы күйде  оны төрт рет тептім. «Тұр, не істеп жатырсың?!» дедім, ол орнынан тұрмады.Ссонда оны шашынан ұстап, көтере бастадым. Ол жерде дәретхана бар еді, мен оны жуынсын деп сол жерге сүйреп апардым. Сондай-ақ өзіми де жуындым. Сол жерден оны тағы шашынан ұстап, 1-ші VIP бөлмеге апардым», деді Қуандық Бишімбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Куәлік беру кезінде экс-министрдің қорғаушысы сот пен процеске қатысушыларға 2024 жылдың наурыз айында түсірілген суреттерді көрсеткені үшін сөгіс алды.


Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті