Қоғам • 03 Сәуір, 2024

Бишімбаев өзіне қол жұмсамақ болғаны рас па?

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні қандай әрекет жасағанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаев өзіне қол жұмсамақ болғаны рас па?

Бишімбаевтың айтуынша, ақыр соңында оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бірақ Салтанат Нүкенованың жүрек қағысы дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалған.

«Байжановқа жедел-жәрдем шақыр дедім. Ол жедел жәрдемге хабарласты, олар оған жасанды тыныс пен жүрек массажын жасасын деп айтты. Салтанатқа сол жаттығуларды өзім жасадым. Оған жақындап, иегін ашқым келді, бірақ сүйегі қарысып қалған еді. Адам қайтыс болған кезде жақ сүйектері қарысып қалатынын білетінмін. Салтанаттың көз жұмғанын сол кезде түсіндім. Артынан жедел жәрдем қызметкерлері де келді», деді Бишімбаев.

Оның айтуынша, ол Салтанаттың көз жұмғанын түсінген кезде шок күйіне түсіп, өзін өлтірмекті болған. 

«Шок күйінде ас үйге барып, өзімді пышақтағым келді. Бірақ полиция қызметкерлері келіп, маған кедергі жасады», деп қосты айыпталушы.