Фото: Pixabay.com
Видео авторының айтуынша, жолаушы бизнес санатына жататын таксиге тапсырыс беріп, соңында жолақысын төлемей кетіп қалған.
«Әкем оны Астанадағы барлық кептелістер арқылы бір сағат бойы алып жүрді. Ал ол қайтып келемін деп ақшасын бермей кетіп қалды. Менің әкем саңырау, сөйлей алмайды. Күні бойы несиесін жабу үшін таксист болып жұмыс істейді», деп жазды видео авторы.
Қалалық полиция департаменті қашып кеткен жолаушыны тауып алды. Анықталғандай, ол бұған дейін де алаяқтық жасап жүрген.
«Бұзақы келтірілген шығынды толығымен өтеп, кешірім сұрады. Зардап шеккен тарап пікір беруден бас тартты», делінген Астана қалалық ПД хабарламасында.