Президент • 03 Сәуір, 2024

Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.