Қылмыс • 04 Сәуір, 2024

Бірнеше адамға зор шығын келтірген петропавлдық сотталды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл полицейлері 30 жастағы қала тұрғыны жасаған бірқатар алаяқтық дерегін ашты. Ешбір жерде жұмыс істемейтін әйел бірнеше жылдан бері өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, бірнеше адамнан ақша сұрап алып, оларға зор шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше адамға зор шығын келтірген петропавлдық сотталды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2019 жылы алаяқ әйел жәбірленушілердің бірін сендіріп, шұғыл түрде жылжымайтын мүлік аламын деп ақша сұрап алған. Алданып қалғанын білмеген әйел пәтерін кепілге қойып, ірі сомада несие алған. Салдарынан оған 12 миллион теңге шығын келтірілген.

Қалалық полиция басқармасының тергеушілері күдіктіні тергей келе, 45 мыңнан бірнеше миллиондаған теңгеге дейінгі шығын келтірілген алаяқтықтың 10 эпизодын анықтаған.

Бірталай уақыт өтсе де жәбірленушілердің көбі оған сеніп, қарыздары қайтарыларына үміттенген. Полицияға төртеуі ғана жүгінген.

Polisia.kz мәлімдемесінде: «Биыл наурыз айында Петропавл қалалық соты оған 4 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындап, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді», делінген.