Спорт • 04 Сәуір, 2024

Сурдо таеквондо: қазақ спортшысы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкек қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында таеквондодан II әлем чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додада Астана қаласының спортшысы Руслан Ахметов 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурдо таеквондо: қазақ спортшысы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: Астана әкімдігі

Руслан Ахметов жарыстан алған әсерін бөлісіп, жаттықтырушысына алғыс білдірді.

«Қарысыластар өте мықты болды. Жарыста бірнеше елдің спортшыларымен сынға түстім. Жетістікке жетуіме себепкер болған жаттықтырушыма алғыс білдіремін. Ол маған үлкен үміт артатынын айтып, алға қарай өрлеуіме дем береді. Бұл әлем чемпионатына бапкерім екеуміз 6 ай көлемінде дайындалдық. Соның нәтижесінде екінші орын алдым. Өте қуаныштымын. Алдағы уақытта тағы шыңдалып, ел намысын абыроймен қорғаймыз деп ойлаймын. Бұл – тек бастамасы», деді әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

щ

Сурдо таеквондо – жазғы Сурдолимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Есту мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған таеквондо жарыстары Халықаралық таеквондо федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жазғы немесе қысқы Сурдолимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарына, аймақтық чемпионаттарға және федерация мақұлдаған басқа да жарыстарға тек есту мүмкіндігі шектеулі және нашар еститін спортшылар қатыса алады.

Айта кетсек, байрақты бәсекеге әлемнің 20 елінен 190-нан астам спортшы қатысты. Ал Қазақстан сапынан 22 спортшы бақ сынады.

щш