Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Теміртауда атыс болды: жаралы адам бар

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда орын алған атыс видеоға түсіп қалды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шеккен, деп жазады Egemen.kz.

Теміртауда атыс болды: жаралы адам бар

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Атыс Теміртаудағы мекемелердің бірінің автотұрағында орын алған. Автор қатысушылардың арасындағы жанжал көлік тұрағына байланысты болған деп болжайды.

Бейнежазбаға Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, қазір қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталған. Енді оларды ұстау бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.

4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының орталық ауруханасына 27 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатымен келді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.