Қаржы • 04 Сәуір, 2024

Доллар мен мұнай арзандап барады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 446,49 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар мен мұнай арзандап барады

Фото: kz.oqu.news

Ұлттық банк еуро бағамын 481,55 теңгеге, рубльді 4,85 теңгеге белгіледі.

Дәл қазір ақша айырбастау орындарында доллар 446,3 - 448,1 теңгеге, еуро 482 - 486 теңгеге, ресей рублі 4,75 - 4,87 теңгеге сатылып жатыр.

Сондай-ақ бүгінгі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы біршама төмендеді.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,32%-ға арзандап, барреліне $89,06 құрады.

Ал NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,34%-ға төмендеп, барреліне 85,14 долларды құрады.