Оқиға • 05 Сәуір, 2024

Қытай азаматтары «Қорғаста» заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚХР азаматтары «Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 астыртын ойын бизнесі мен басқа да заңсыз әрекеттер ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай азаматтары «Қорғаста» заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Фото: видеокадр

Аталған орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасымен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Анықталғандай, заңсыз мекемелер түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда, Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеді.

«Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат тәркіленді», делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.