Қоғам • 05 Сәуір, 2024

Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары көбейіп кетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап, халықты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген

Фото: ҰҚК

Қаскүнемдер ақшаны заңсыз иеленбек ниетте қаржылық операцияларды жүргізуге азаматтардан көмек сұрайды.

«ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ», делінген хабарламада.

Күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар келіп түскен кезде бірден полиция органдарына жүгіну керек.