Қоғам • 05 Сәуір, 2024

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай ел азаматтарын жанашырлық пен бірлікке шақырды. Осы тұста Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері зардап шеккен өңірлерге алғашқылардың бірі болып көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созды

Фото: Қазақсан халқы Ассамблеясы

ҚХА мүшелері бастаған «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жеткізілді. Оны ҚХА төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов пен «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев жеткізіп берді. Олар азық-түлік жиынтықтарын, киім-кешек пен басқа да қажетті заттарды халық арасында бөлумен айналысты.

р

Гуманитарлық жүктің тағы бір бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жіберілді. Ассамблея сенаторлары Әлішер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповский жергілікті халықпен кездесіп, ағымдағы жағдаймен танысты. Жиын барысында зардап шеккендердің сұрақтарына жауап берілді. 

ұ

ҚХА республикалық штабының мүшелері су тасқынынан зардап шеккен басқа өңірлерге де барып, тұрғындарға қол ұшын созады. Құтқарушылар мен еріктілер үшін ыстық тамақ ұсынылады.

Айта кетсек, еліміздің барлық өңірінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. Бүгінде ҚХА-ның көмегімен 110 млн теңгеден астам сомаға гуманитарлық көмек жиналғанын да айта кету керек.

ш