Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Торғай өңіріндегі 6 ауылда ұялы байланыс қызметі іске қосылды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарында ұялы байланыс қызметі мен интернет байланысы қайта қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Торғай өңіріндегі 6 ауылда ұялы байланыс қызметі іске қосылды

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 сәуірде дизелді генераторлардың көмегімен Амангелді ауданының Құмкешу, Айтбай, Степняк, Жангелді ауданының Тоқанай, Саға ауылдарында ұялы байланыс іске қосылған. Сондай-ақ Қызылжұлдыз ауылындағы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «нүкте көп нүкте» қағидаты бойынша интернет байланысын қалпына келтірді.

«Әзірше ұялы байланыссыз отырған 5 елді мекен қалды. Олар – Қабырға, Ақкөл, А.Байтұрсынұлы, Екідің, Қызылжұлдыз ауылдары. Бұл ауылдарда электр энергиясы жоқ, кіретін жол жоқ. Сондықтан ұялы байланыс орнату қиынға соғып отыр», дейді облыстық ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Қашиев.