Қоғам • 05 Сәуір, 2024

«Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай»: Жәнібектің анасы болуы мүмкін төрт келіншек қан тапсырды

8886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп жазады Egemen.kz

«Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай»: Жәнібектің анасы болуы мүмкін төрт келіншек қан тапсырды

Фото: qandastar.kz

Қымбат Досжанның айтуынша, тағы төрт болжамды ана сараптамаға қатысқан. Алайда нәтижелері теріс шыққан.

«Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты. Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды», деп жазды журналист. 

Ал Жәнібек Савельев жазба астына пікір қалдырып, анасын іздеп жатқан жандарға алғыс айтты.