Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Қанат Бозымбаев Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмысты үйлестіруге келді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Бозымбаев Атырау облысында су тасқынына  қарсы жұмысты үйлестіруге келді

Премьер-министрдің орынбасары Ақтөбе облысымен шекара аумағын тікұшақпен шолып өтті. Жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді. Кеше оның бұзылуы нәтижесінде Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ «Жадырасын-2», «Болашақ», «Вахталық кент» шағын аудандары, «Қарағай» елді мекені су астында қалды. 

Бүгін, 6 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталып отыр. Екі  елді мекенге көлікпен қатынау мүмкін емес.

Құлсары қаласында 2,6 мың жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимарат су астында қалғандықтан 5 сәуірден бері қауіпті аймақтан 15 632 адам шығарылды. Тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

Қазір жағалауды нығайту үшін топырақ толтырылған 45,9 мың қап, 174,3 мың тонна инертті материал төселді. 5 сәуірде Каспий теңізіне қарай су өткізу қабілетін арттыру үшін Жем өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Тағы бір рет мұз жару жоспарланған.

А

Әкімдік пен күштік құрылымдардың 600-ге жуық қызметкері, 148 техника, 2 жүзу құралы және 500 ерікті жұмылдырылды.

Өңірдің 5 елді мекенде – Миялы, Жангелдин, Көздіқара ауылдық округтері, Аққора, Жасқайрат ауылдарында қауіп-қатер сейілді.