Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Қостанай ауданында мыңнан астам адам эвакуацияланды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай ауданында 1043 адам эвакуацияланды. Эвакуациялық пункттерге 80 адам орналастырылған. Төсек тартып жатқан 3 науқас адам аудандық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай ауданында мыңнан астам адам эвакуацияланды

Аудан көлемінде 212 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды. Бос қалған үйлер мен көшелерді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күзетіп тұр.

Тобыл қаласы мен Заречный елді мекенінде 14 эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. 

Қазір ауданда жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ, Газ қызметінің мамандарынан, еріктілерден жасақталған жұмыс топтары қауіптің алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Ауыр техникалар Тобыл өзенінің шетін биіктеп жатыр.