Төтенше жағдай • 07 Сәуір, 2024

Ниетіміз бұзылған: Жұбаныш Жексенұлы су тасқынының себебін атады

1325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші, композитор Жұбаныш Жексенұлы еліміздегі төтенше оқиғаларға адамдардың өздері себепкер болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ниетіміз бұзылған: Жұбаныш Жексенұлы су тасқынының себебін атады

Өнер иесі желіге жазба қалдырып, ойы мен пайымын білдірген.

«Соңғы кездері елімізде болып жатқан ауыр жағдайға байланысты менің ойым, мысалы, қаншама елді су алып, қаншама отбасы үйсіз қалды. Одан да басқа жағдайлар болып жатыр. Соның бәрі бір-біріміздің көңілімізді қалдырғаннан, ренжіткеннен, пейілдің тарылғанынан, пиғылдың жаман болғанынан деп ойлаймын. Солай деп естігенмін негізі. Адамның ниет-пейілі бұзылса, осындай табиғи апаттарға әкеп соғады. Сондықтан біз тезірек ниет-пиғылымызды түзеп, мінезімізді өзгертіп, сөзімізді, ойымызды, көзқарасымызды өзгертіп, іс-әрекетімізді дұрыстап, жайбарақат, музыка тыңдап отыратындай, аспанымызда ән қалықтайтындай жағдайға жетсек екен дейміз. Құдай бізге сабыр берсін, аман болайық», деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызының жазбасынан кейін, оқырман пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдап жатса, енді бірі дер кезінде шара қолданбаған биліктің кесірі дейді.