Аймақтар • 07 Сәуір, 2024

Қостанайда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшті

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-9 сәуір аралығында Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының мектептері қашықтан оқыту режіміне ауысады. Қазір аталған елді мекендердегі колледждердің жартысы онлайн, жартысы офлайн жұмыс істеп жатыр.

Қостанайда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшті

Қостанай ауданында ұзын ырғасы 2494 бала оқитын 5 мектеп су басып қалу қаупі бар жерлерде орналасқан. Бүгінге дейін 543 бала эвакуацияланып, олардың жартысынан көбі туыстарының үйіне орналастырылды.

Қостанай ауданының эвакуациялық пункттерінде 42 бала жатыр. Олардың 27-сі – мектеп жасындағы балалар. Олар эвакуациялық пункттер орналасқан мектептердің компьютерлерін пайдаланып қашықтан оқып жатыр.  

Н.Құлабаев

«Балалары бар отбасылардың бәрі уақтылы, су келмей тұрып эвакуацияланды, барлық қажетті керек-жарақтары бар. Жангелдин, Амангелді, Қарасу, Әулиекөл аудандарының және Рудный қаласының мектептерінде оқып жатқан 968 бала қашықтан білім алуды жалғастырады. Жол қатынасының қиындығына байланысты мектеп автобусымен өзге ауылдарға барып оқитын балалар да бірнеше күнге қашықтан оқыту режіміне көшіріледі. Бұл туралы оқушылардың ата-аналарына жедел хабарланып жатыр», деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.


Қостанай облысы