Үкімет • 08 Сәуір, 2024

Шығынды өтеу жұмысы кедергісіз атқарылады

128 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен су тасқынына қарсы күресті тиімді үйлестіру үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Шығынды өтеу жұмысы кедергісіз атқарылады

Фото: primeminister.kz

Кеңесте СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерік Сарыбаев, «Қазгидромет» СҚОФ директоры Қымбат Мерғалимова, «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры Ақылбек Қабылдин су тасқынының жағдайы туралы баяндады.

Облыста су тасқынынан күр­делі жағ­дай қалыптасты. Су деңгей­інің күрт көтерілуі қауіпті деңгейден жоғары болады деген болжам да бар. Сәуірдің 5-інен бастап Сергеев су қоймасы толып, арнасынан асты. Петропавл қаласының ма­ңын­дағы су деңгейінің алғашқы көтерілуі 6 күннен кейін басталып, ал су тас­қы­нының шарықтау шегі сәуір айы­ның аяғында болмақ.

Роман Скляр су тасқынының келеңсіз сценарийін болдырмау үшін бар күш-жігерді салу керектігін атап өтті. Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті көмек көрсетуде кешенді шараларды қолға алу қажет. Көмектің тез арада және қағазбастылықсыз көрсетілгені маңызды.

Кеңес қорытындысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыс басшылығына тұрғындарды эвакуация­лау пункттерін дайындауды, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, тұрғындар арасында тасқын кезіндегі ережелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, қа­птарды инертті материалмен толтыру­ды, егістіктерде еріген судың жина­луын үнемі бақылауды, күштер мен құ­­рал­­дардың тәулік бойы дайындығын қам­­т­а­масыз етуді, ықтимал су тасқынын жою үшін Сергеев, Шағалалы, Сіле­ті су қоймаларынан судың ағуына тәу­лік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар  Роман Скляр аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Тепличное ауылы мен Кожевенный кентінің бөгеттерін, «Қызылжар Су» ЖШС-ның 1 және 2-сорғы станса­ларын тексерді. Тексеру барысын­да Роман Скляр қазіргі су тасқы­ны жағ­дайын ескере отырып, қолданыс­тағы бөгет­терді нығайту, оларды ұлғай­ту жұ­мыстарының және арнайы техника мен топырақ толтырылған қапшықтар­мен қамтамасыз ету маңызын атап өтті.

Қазір облыс орталығының тұрғын­дарын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған «Қызылжар Су» ЖШС-ның сорғы станцсаларын су тасқынынан қорғау мақсатында инженерлік жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Жұмыс қарқыны жоғары және су тасқыны жағдайына байланысты реттеліп отыр. Петропавл су торабын аралау барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары судың келуіне аз уақыт қалғанын атап өтті.

«Бүгін су басу қаупі бар аймақтарды аралау барысында жедел шешуді қажет ететін бірқатар мәселе қаралды. Бұл – ең алдымен, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін техника санын көбейту және бөгеттерді күшейту. Біз инфрақұрылымды және елді мекен­дер­ді қорғау туралы айтып отырмыз. Үлкен судың келуіне 7-8 күн қалды. Қазір Сергеев су қоймасында 3 метр­ден астам су тасып жатыр. Толып кету бойынша антирекорд орнатылады деп күтілуде, ол шамамен 4 метрді құрамақ. 2017 жылға қарағанда әлдеқайда көп су келеді. Сондықтан қазір барлық күш пен ресурсты осы мәселелерді шешуге бағыттау қажет. Оған қоса бүгінде барлық жол-құрылыс компаниясы учаскелердегі жұмысын уақытша тоқтатып, тұрғындармен су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізетін боламыз», деді Р.Скляр.

Ең ауыр жағдай 13 ауданның 8-інде тіркелген, қар жамылғысы 38-50% аралығында және 262 елді мекенде су басу қаупі сақталып отыр. Облыс жол­дарында 48 су шайып өту тіркелді. Об­лыс­­тық және республикалық маңы­зы бар жол­дарда жол жамылғысы­ның 7 учас­­­ке­­сі қопарылды.

Суды тарту жұмыстары жүргізілу­де, 155 шақырым арық тазартылды, 96,6 шақырым каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді, топырақ толтырылған 55 мың қап дайындалып, оның 23 мыңы төсел­ді. 540 адам мен 233 техника жұ­мыл­дырылды, тіршілікті қамтамасыз ету ны­сан­дары қалыпты жұмыс істеп жатыр.

Өңірдегі ахуалмен танысқан Роман Скляр жағдайдың бақылауда екенін баса айтты.