Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі.
Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.
«Қала кәсіпорындарының, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерінің (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары және басқалар), оқу орындарының, еріктілер мен барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды экологиялық айлыққа қатысуға шақырамыз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын орамішілік (үй маңындағы) аумақтарды тазалауға шақырамыз», делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ жолдарды ретке келтіру жөніндегі науқанды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.