Спорт • 10 Сәуір, 2024

UFC-дің жаңартылған рейтингі: Шавкат Рахмонов нешінші орында?

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ultimate Fighting Championship (UFC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

UFC-дің жаңартылған рейтингі: Шавкат Рахмонов нешінші орында?

Prosports.kz. жазғандай, жекпе жекте жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (8-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» жартылай орта салмақтағы рейтингте әлі де үшінші орында.

Көш басында нигериялық Камару Усман, ал екінші орында америкалық файтер Белал Мухаммад тұр.

Еске салайық, былтыр 16 желтоқсанда Рахмонов америкалық файтер Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізген болатын. Жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.