Фото: ult.kz
Ол өз сөзінде түркі халқы қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсету үшін бірігуге дайын екенін жеткізді.
«Құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан басынан қиын-қыстау күндерді өткеріп жатыр. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Қазақстан экономикасына үлкен салмақ түсті. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдірміз келеді. Қайғыларыңызды бөлісуге әрқашан дайын екенімізді хабарлаймыз. ТҮРКСОЙ ұйымы атынан, сондай-ақ ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан Сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда», делінген Сұлтан Раевтың хабарламасында.