Қоғам • 10 Сәуір, 2024

«Үлкен суды» қабылдауға дайындалып жатырмыз – депутат

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

AMANAT фракциясының мүшесі, Мәжілістің Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов төтенше жағдай жөніндегі штаб мүшелері мен су мамандарымен бірге Жайық өзенінің жағдайын бақылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үлкен суды» қабылдауға дайындалып жатырмыз – депутат

Фото: Facebook

Депутат Атырау қаласы, Махамбет (Махамбет, Сарайшық ауылдары) және Индер (Құрылыс, Жарсуат ауылдары) аумақтарында «үлкен суды» қабылдауға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылаған.

«Жағаны күшейту жұмыстарына атсалысып жатқан тұрғындармен де кездестік. Жарықтандыру, құрал-жабдықтар бойынша көмек сұрап жатыр, оларға бульдозер, экскаватор қажет. Қосымша көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылады. Қазіргі жағдайды бәрі түсінеді, барлығы ұйымшылдықпен, бірлікпен жұмыс істеп жатыр», деп жазды Дүйсенбай Нұрбайұлы.

Депутаттың мәліметінше, ежелгі Сарайшық қалашығын су басу қаупі төніп тұр. Болжам бойынша Атырауға 20 сәуірде үлкен су келеді деп күтіліп отыр.

Дүйсенбай Тұрғанов: «Ембі-Ақкиізтоғай өзендерінің гидропостында су деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады, деңгейі - 295 см. 4 сағат ішінде 3 см түсті. Жайық өзенінің гидропосттарында су деңгейі көтеріліп жатыр және бұдан ары қарай да көтерілуі мүмкін. Қиғаш өзенінің өлшеу бекеттерінде жағдай тұрақты, су деңгейінің төмендеуі байқалады. Жалпы, жұмысты жеделдету қажет», деп жазбасын түйіндеді.