Спорт • 10 Сәуір, 2024

Париж-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдамаға таласады

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада спаррингтік турнирдің финалдық кездесулерінің бірінде ерлер арасында 63,5 келі салмақ бойынша жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жолдамаға таласады

Фото: Сали Сабиров, Қазақcтан ҰОК баспасөз қызметі

Спаррингтік турнир барысында Ертуған Зейнуллиновты және Жандос Қарабалиевті жеңген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бүгін финалдық жекпе-жекте Дулат Бекбауовты ұтты.

Енді ол 23 мамыр – 5 тамыз аралығында Таиландтың бас қаласы Бангкокта өтетін соңғы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.