Бейресми мәліметке сүйенсек, ер адам немересіне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жараланған 7 жасар бала сол жерде көз жұмған.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді.
«Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр», деп жазды Кazinform департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпованың сөзін.
Оның айтуынша, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.