Жемқорлық • 12 Сәуір, 2024

Таразда екі полиция қызметкері парамен ұсталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз полициясының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда екі полиция қызметкері парамен ұсталды

Ресми мәлімет бойынша, 10 сәуірде ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Тараз қалалық ІІБ көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады.

- Олар заңсыз жүрген шетел азаматтарына қамқорлық жасағаны үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің “Пара алу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында екі бірдей полиция подполковнигі пара алу кезінде қамауға алынған.