Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Еліміздің сегіз облысында төтенше жағдай режимі сақталып тұр

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елдімекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Еліміздің сегіз облысында төтенше жағдай режимі сақталып тұр

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«8 өңірде төтенше жағдай режимі сақталып тұр. Қосымша күштер мен техниканың топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сонымен қатар бірқатар облыстарда келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеп тұр», делінген хабарламада.

Вице-премьер, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев атап өткендей, тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайды.

«Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады», деді Қ.Бозымбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, азаматтық қорғау қызметкерлері 99 мыңнан астам адамды эвакуациялады, оның 36 365-і балалар. Уақытша орналастыру орталықтарында 6516 адам болса, оның 3167-сі балалар.