Қоғам • 12 Сәуір, 2024

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері су басқан өңірлерде жүр

Фото: gov.kz

Олар су басқан кенттер мен қалаларда патрульдеу арқылы тұрғындардың жеке мүліктерін қорғауды қамтамасыз ету, жағалауды нығайту, тасқын болған елді мекендерде суды бұру, каналдарды тазарту және адамдарды, жануарларды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстарына атсалысып жатыр. 

Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асатын арықтарды тазартып, инертті материалдары бар 233 мыңнан астам қапшық дайындаған.