«Өрлеу» АҚ Ақмола облыстық педагог кадрларының біліктілігін жетілдіру институтында Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті. Оның жұмысына Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің және аталған институт оқытушылары қатысты.
Институт директоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспонденті, қалалық мәслихаттың депутаты Еркін Исімбаев өз сөзінде Тұңғыш Президентіміздің орасан зор еңбегін Қазақстанның жедел өркендеу арқылы әлемнің озық мемлекеттері қатарына қойылуымен байланыстырды. Еліміз Тәуелсіздік жылдарында ғасырға татырлық абыройлы асулар биігінен көріне білді. Бұл орайда, түбегейлі әрі жарқын өзгерістер Елбасымыз Н.Назарбаевтың мемлекет құрудағы салиқалы саясаты, көрегендік бастамалары нәтижесінде жүзеге асқанын мақтаныш және бүкілхалықтық алғыс сезімімен паш етеміз. Бүгінгі күрделі кезеңде экономикалық, әлеуметтік жаңғыртулар негізіндегі игі қадамдар қазақстандық үлгі моделін алға шығарып отырғаны болашағымыздың жарқындығын айқындайды.
– 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы біздің еліміз өзінің Тұңғыш Президентін сайлады және сол сәттен Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталды, – деді Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова. – Бұл жаңа өмірді өз қолдарымен жасап жатқан көпұлтты халқымызды асқарларға бастайтын маңызды сәт екендігі дәлелденіп отыр. Сіздердің баршаларыңызды, облыс жұртшылығын Тұңғыш Президент күні мейрамымен құттықтаймын.
Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институты директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі Айсұлу Ақышева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов, А.Мырзахметов атындағы университеттің кафедра меңгерушісі Ардақ Қапышев қосымша баяндамаларында еліміздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің басшылығымен тәуелсіздік діңгегін тіктеудегі қарышты қадамдардың маңызды кезеңдеріне талдау жасады.
Ел өміріндегі айтулы мерекенің ерекшеліктері жөнінде Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Зура Шуатаева, абыз қария Фарук Багапов Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезіндегі әсерлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Р.Сулкарнаев, А.Артеменко, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшесі Қ.Қосмағамбетов, №1 техникалық колледжінің оқушысы А.Цингалиди өз сөздерінде ұлтаралық келісім мен бейбіт өміріміздің кепілі ретінде Тұңғыш Президентіміздің көрегендік саясатына жоғары баға берді.
Кездесуде «Елбасының феномені» бейнефильмінің көрсетілуі мерекелік салтанаттың әрін аша түсті.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026