«Бүгін 13 сәуірде Қостанай, Рудный және Лисаков қалаларынан 10 жүк көлігі, 9 жүк тиегіш және 1 экскаватор жіберілді. Аталған техника құралдары Рудный, Лисаков қалалары мен Наурызым ауданы әкімдіктерінің бастамасымен, сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром», «ВАН», «Арвис», «АБЗ+», «СтройЭлитДом» серіктестіктерінің қолдауымен жолға шықты», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Арнайы техникалар су жағалауларын нығайту, кәріздерді тазарту және бөгеттерді мықтау жұмыстарын атқаратын болады.