Аймақтар • 13 Сәуір, 2024

Жұдырықтай жұмылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазарту шарасына жергілікті ақтарушы және орталық мемлекеттік органдардан 20 мыңға жуық, облыс аумағындағы ұйымдар мен 6 мыңға жуық кәсіпорындардан 28 мың адам және 250 мыңнан астам өңір тұрғындары жұдырықтай жұмыла атсалысты. Экологиялық науқанға 400 саяжайдың тұрғындары да белсене қатысып, аулалар мен көшелерді шашылған қоқыстан тазартты.

Жұдырықтай жұмылды

Суретте: сенбіліктен көріністе

Ұ.Исабек

Ұ.Исабек.

Нәтижесінде жарты күнде 18883 тонна қоқыс жиналып, 4230 тоннасы қайта өңдеуге жіберілді.

Санитарлық тазартуға жататын аумақтың ауданы 4700 гектардан асты.

Науқандық шараға облыс бойынша 510 бірлік жүк тиеп, тасымалдайтын техника пайдаланылды.

Тазалық акциясының аясында 975 ауланы қалпына келтіру, сырлау және басқа да жұмыстар жүргізілді.

Қонаев қаласында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысқан өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев те қолына күрек ұстап, ағаш отырғызып, көп қатарлы еңбек етті.

Өздері өмір сүріп жатқан қаланың айнадай болып тазарғанына тұрғындар дән ризашылықтарын білдірді.

Алматы облысы