Оқиға • 15 Сәуір, 2024

Петропавлда жабайы қабан, қасқыр жүргені рас па?

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны аймақтарында көрінеу жалған ақпарат тарату әрекеттері тыйылмай тұр. Ішкі істер министрлігі «Петропавлда тасқын сумен бірге жабайы қабан, қасқыр пайда болды» деген сарында жалған хабарлама таратқан тұрғындарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Петропавлда жабайы қабан, қасқыр жүргені рас па?

Фото: democrat.kz

ІІМ өкілдері төтенше жағдай кезінде тұрғындардың психологиялық жағдайы тұрақсыз болатынын пайдаланып, жалған ақпарат таратқандарды тапты.

Мәселен, TikTok әлеуметтік желісінде «Петропавлдағы су басқан Ойқала ауданында сумен бірге қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды» деген хабарлама шықты. Жалған ақпаратты қаланың 20 жастағы тұрғыны таратқаны анықталды. 

Оның құрдасы дәл осы әлеуметтік желіде «тасқын судан екі бала қайтыс болды» деген ақпарат таратқан. Бұл ақпарат та өтірік болып шықты.

«Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың екеуіне де қатысты әкімшілік материал жиналады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес оларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады», деп хабарлады СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.