Спорт • 16 Сәуір, 2024

Министр елімізге тарихи жүлде сыйлаған Денис Никишаны қабылдады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Нидерландының Роттердам қаласында шорт-тректен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған Денис Никишаны қабылдады. Кездесу барысында спортшы мен оның жеке бапкері Петр Гамидовке Алғыс хат табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр елімізге тарихи жүлде сыйлаған Денис Никишаны қабылдады

Фото: Turizm jane sport ministrligi

«Күміс жүлдегер атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдік додадағы жоғары жетістігіңіз - біз үшін үлкен мақтаныш және жастарды спортқа, саламатты өмір салтына тәрбиелеудің лайықты үлгісі. Кәсіби шеберлігіңіз отандық спорттың дамуына үлес қосады деп сенемін. Алдағы уақытта да ел намысы сыналатын маңызды додаларда табысты өнер көрсетуіңізге тілекшімін», деді министр.

Еске салайық, аталған әлем чемпионатының финалында құрама көшбасшысы 500 метр қашықтықты 41.676 секундта бағындырып, мәре сызығын екінші болып кескен еді. Осылайша Денис Никиша ел тарихында шорт-тректен әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанды.