Президент • 16 Сәуір, 2024

Ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылады - Президент

155 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай обылысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Президент ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күші жойылады - Президент

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздесті. Кездесуге өңірдегі машина жасау, тау-кен, тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі салаларының жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері және студенттер қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету басты міндет екенін атап өтті.

«Осы кездесуге біраз меценат қатысып отыр. Мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Бұл – сіздердің жүрек қалауларыңыз, азаматтық жауапкершіліктеріңіздің көрінісі. Мұның бәрін марапат үшін емес, шынайы ниетпен жасалған игі іс деп білемін», деді Президент.

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсету ісінде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударды.

«Біздің елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен арнайы кездесеміз. Олар әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітіледі және нақты жауапкершілік жүктеледі. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің мүддесіне сай келеді. Өйткені олар өздерінің қосқан үлесінің нақты нәтижесін көретін болады. Халқына қайырымдылық жасаған азамат ретінде Сіздердің де есімдеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент еріктілерге зор құрметпен қарайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, оларға ризашылық білдірді.

Осы кездесуде «АгромашХолдингKZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова су тасқынынан кейін қалаға қоныс аударғысы келетін адамдарды техникалық мамандықтарға оқытып, олардың жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қамқорлық көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ «Аян-озат» ЖШС директоры Валерий Розумович қиын-қыстау кезеңде өңір кәсіпкерлері халыққа барынша жәрдем бергенін айтты.

ҚХА облыстық филиалының қызметкері Айбек Таңатбаев су тасқынының салдарымен күресте еріктілердің еңбегі ерен екенін атап өтті.

дд