Таным • 17 Сәуір, 2024

Ғаламшар ғажаптары: Андромеда галактикасы

214 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл – Жерге жақын галактика. Оны алғаш зерттеп жазған парсы астрономы Абдуррахман ас-Суфиден «Тұрақты жұлдыз» атты кітабында «Кішкентай бұлт» деп сипаттаған.

Ғаламшар ғажаптары: Андромеда галактикасы

Ал неміс астрономы С.Мариус аталған галактиканы алғаш телескоппен күзетіп, оны «мүйіз түтікке ұқсайтын шам» деп атаған. Біраз жылдан бері астрономдар оны Құс жолы ішіндегі галактика деп түсініп, «Андромеда тұмандығы» деп келді. Тек өткен ғасырдың 20-жылдары АҚШ астрономы Хаббл оның Құс жолы галактикасының сыртындағы дербес галактика екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді.

 

Сатурн ғаламшары

сс

Сатурн – Күннен ең алыс қашық­тықта орналасқан ғаламшар. Оны аспаннан қарапайым телескоптың көмегімен байқауға болады. Оған Күнді толық айналып өту үшін  29,5 жыл қажет.

Бұл ғаламшарда болатын дауылдың жылдамдығы сағатына 1800 шақырымға дейін жетеді. Сатурн негізінен газдардан тұрады, оның қатты беті жоқ. Өйткені ғаламшар сутегіден, гелийден, метаннан, аммиактан, ауыр металдардан құралған. Сатурн сақиналарын алғаш 1610 жылы италиялық ғалым Г.Галилей байқаған. Бұл сақиналар мұздан тұрады. Өте жұқа, диаметрі 250 километрден асқанына қарамастан, қалыңдығы 1 километрге де жетпейді. Сатурн суға батпайды, өйткені оның тығыздығы судан 2 есе төмен.

 

Бетельгейзе жұлдызы

мс

Бұл жұлдыз Жерден 550 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Ол 400 күн сайын табиғи түрде ағарып, қараяды.

Бетельгейзенің массасы Күннің массасынан шамамен 15-20 есе ауыр, ал оның диаметрі Күнге қарағанда 500-800 есе үлкен. Астрономдар бұл жұлдыз жарылу кезеңіне жақындап келеді дейді. Сондай-ақ ғалымдар аспандағы «екінші Айдың» осы жұлдыздың жарылуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін деп айтады. Оның жарығы күндіз де көрінбек. Бірақ оның жарылуы жерге қауіпсіз. Дегенмен мұның бәрі ғылыми жорамал ғана...