Аймақтар • 17 Сәуір, 2024

Атырау облысының 149 мың оқушысы жиынтық бағалаудан босатылды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының оқушылары бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудан босатылып отыр.

Атырау облысының 149 мың оқушысы жиынтық бағалаудан босатылды

Фото: saryarka-samaly.kz

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуына қарағанда, мұндай шешімге Оқу-ағарту министрлігінің 10 сәуірдегі хаттамасы негіз болған.

«Министрліктің хаттамасында су тасқыны болып жатқан аймақтардағы оқушылар бөлім бойынша жиынтық (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудан (ТЖБ) босатылатыны нақты айтылған. Осыған байланысты оқушылар күнделікті онлайн сабаққа қатысып, әр пәннен тапсырма орындау арқылы формативтік қалыптастырушы бағасын алады. Қазір облыс мектептерінде дәріс алып жүрген 149 мың оқушы бар. Олардың бәрі БЖБ және ТЖБ-дан босатылды», деді Орынтай Биманова.

Оның айтуынша, Атырау облысында оқушыларға 9 мыңға жуық педагог дәріс береді. Олардың арасында біліктілік санатын арттыруға арналған аттестациядан өтетін мұғалімдер бар.

«Су тасқынына байланысты мұғалімдердің аттестациядан өту мерзіміне өзгеріс енгізілді. Биылғы аттестация тамыз айында өтеді», деді Орынтай Биманова.