Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Өтемақы бюджеттен тыс қорлардан төленеді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқыны­нан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тара­ты­­лып жатқан ақпарат шын­дық­қа жанаспайтынын мәлім­деді.

Өтемақы бюджеттен тыс қорлардан төленеді

Нақтылай түссек, министрлік су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпарат тарап кеткен-ді. Ақпараттың артында тұрған белгісіз тұлғалар төлемдерді алу үшін «Толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді ұсынады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жергілікті атқарушы органдар біржолғы төлем түрінде көмек көрсетеді. Олардың мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке-жеке белгіленетін болады.

Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүм­кін. Алаяқтармен өзара әре­кет­тесуді болдырмау үшін ешбір жағ­дайда сілтемеге өтпеуге кеңес береміз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы ғана таратылатынын естеріңізге саламыз. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.