Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Көршісінің жанжалын полицияға хабарлаған тұрғын айыппұл арқалауы мүмкін

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрші пәтерден қатты айғай естіген Астана тұрғыны полиция қызметкерлеріне шағымданған. Құқық қорғау органдары шақырту орнына келгенге дейін көршілердің үйінде жанжал басылып, ондағы ерлі-зайыптылар татуласып үлгерген. Кейінірек шағымданған тұрғын өзіне айыппұл салынуы мүмкін екенін білді, деп хабарлайды Egemen.kz

Көршісінің жанжалын полицияға хабарлаған тұрғын айыппұл арқалауы мүмкін

фото: Polisia.kz

Куәгердің айтуынша, кешке қарай көрші пәтерден ерлі-зайыптылардың жанжалдасып жатқаны естілген.

«Оған қоса балалардың «әке, жоқ, керек емес» деп айқайлағаны естілді. Мен полиция шақырдым. Олар тез әрекет етті, бірақ келгенге дейін ұрыс басылып қалды. Шақыруға келген полиция қызметкерлері маған қайта қоңырау шалып, әйелін ұрып жатқан ер адамның пәтерде жоқ екенін айтты. Пәтерде тек балалары мен әйелі қалған. Полицейлердің сұрақтарына жауап берген келіншек арада жанжал болғанын жоққа шығарды. Кейін полицейер маған «жалған қоңырау» үшін айыппұл салынуы мүмкін екенін (ӘҚБтК-нің 438 бабы 30 АЕК - 110 мың теңге) хабарлады», дейді тұрғын.

Заңгер Данияр Байғабатов полицияның шақыруы арызға тең екенін түсіндірді. Мұны жасамас бұрын дәлел жинау керек.

«Полицейлер өз кезегінде сотқа дейінгі сипаттағы барлық әрекеттерді - хаттама жасап, сауалнама жүргізуі тиіс. Егер сіз көршілердің ұрсып жатқанын естісеңіз, оқиғаны немесе дыбыстарды бейнежазбаға түсіріп алуыңыз керек. Бұл жазбаны полицияға тапсыруға болады, сонда сіздің қоңырауыңыз жалған деп есептелмейді», деп түсіндірді заңгер.