Экология • 22 Сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мақаншы ауданында жалғасып жатыр

68 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалпы аудандық сенбілік Мақаншы ауданының «Айдынды-Алакөл» жағалауында өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мақаншы ауданында жалғасып жатыр

Акцияға 11 ауылдық округтен және ауданның барлық мекемелерінен 500-ден астам адам қатысып, 28 гектар аумақты тазартты. Нәтижесінде жалпы 40 тонна қоқыс шығарылды, шамамен 5000 метрге жуық қоршаулар боялып, әктелді.

П

Алдағы Айдынды-Алакөл жағалауындағы туристік маусымға толық дайын болу үшін сенбіліктер мамыр айында да жалғасады.

Осындай сенбілік шараларымен қатар, аудандық коммуналдық мекемелердің қызметкерлері жыл бойы Алакөл көлінің жағасында да тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Акцияға қатысқан еңбек ардагері Нағима Жақиянова жалпы аудандық сенбіліктен тыс қалмауға шешім қабылдаған. Ол өз кезегінде бірлескен жұмыс халықты біріктіріп қана қоймай, тазалық жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Көптің аты көп. Көпшілік біріксе, ең қиын деген шаруаның өзін атқарып тастайды. Аудан халқы болып жұмылып, таза жерде өмір сүруді әдетке айналдыруымыз керек», деп бөлісті Нағима Сапарханқызы.

Іс-шараға белсенді қатысқан мәдениет қайраткері Айжарық Әбілқасымов мәдениет тұтастай алғанда тазалықтан басталатынын атап өтті.

«Бірінші кезекте ауданымыздың құрылғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Мақаншы ауданы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесін алды, соның арқасында біз осындай бастамаларды барынша тиімді ұйымдастырып, жүзеге асыра аламыз. Сенбілікке қатысудың өскелең де, аға буынның да тәрбиелік әсері зор екенін ерекше атап өткім келеді. Өскелең ұрпақ тазалық бірінші кезекте өз үйінен басталатынын және айналадағы тазалық ой тазалығын білдіретінін есте ұстауы қажет», деп атап өтті Айжарық Әбілқасымов.

Қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруға ынталы қатысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің белсенділігі жоғары болды. Қатысушылар аудан тазалығына үлес қосып, отбасы мен жақындарымен таза ауада тиімді уақыт өткізді.

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше