Құқық • 23 Сәуір, 2024

Жол ережесін бұзушылар азаймай тұр

108 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Түнгі рейд. «Шардара – Арыс» тас жолының бойы. «Audi A4» маркілі автокөлігінің жүрісі суыт, жол белгілерін елер емес. Қарсы бағытқа шығып, өз жолына қайта түскен көлікті Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторлары тоқтатты. Жүргізуші – нәзік жан, бірақ тым батыл. Сөйтсе... рульде отырған әйел мас екен. «Тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін!» деген автоледи полицейлерге дөрекі мінез көрсете бастады.

Жол ережесін бұзушылар азаймай тұр

Оқиғаның немен аяқ­тал­ға­ны­­на кейінірек тоқталармыз. Ай­­та­йын дегеніміз, өңірдегі кри­ми­но­ген­дік ахуал мен жол қауіп­сіз­д­ігі тура­лы еді. Түркістан облы­сын­да қылмыстардың саны 9%-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр және ауыр қылмыстар – 20, қарақ­шылық – 50, ұрлық – 34,3, бұза­қы­лық 22,5 пайызға азайған. Ал интер­неттегі алаяқтықтың ауыр түр­­лерін тіркеу деректері 65,2%-ға өскен. Заңсыз айналымда жүр­­­ген «Трамодол» дәрісіне тос­­­қауыл қоюда 33 қылмыстық іс анықталып, айғақ заттар тәр­кі­лен­ген. Өңірде спирттік ішім­дік­тен бас тартқан ауылдар саны артқан.

Облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында осындай деректерді келтірген полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаевтың мәлімдеуінше, өңірде криминогендік жағдай тұрақты. Ал экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбайдың айтуына қарағанда, қазіргі таңда ақпараттық жүйеге сәйкес инс­таграм әлеуметтік желісінде қаржы пирамидаларының күдік қауіптері бар «X-LINE», «B2B», «Marqar» аккаунттарының облыс аумағында қарқынды да­мы­­­ғаны анықталған. Қаржы пи­ра­­­мидасын құру және оған бас­шылық ету дерегімен тіркелген 2 қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр. Жүргізілген талдау барысында шамамен 650 млн теңгеге 2000-нан аса салымшының облыс аумағында, атап айтқанда Түлкібас және Төлеби, Жетісай, Мақтаарал аудандарының тұр­ғындары екені белгілі болған. Аталған істер бойынша тергеу сотының қаулысымен 15 күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған.

Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов жеке құрамға «Тазалық» жедел-профи­лак­тикалық іс-шара­сын өткізуді тапсырған болатын. Облыс поли­цейлері 2 тәулік ішінде 595 құқық­бұзушылықты анықтады. Оның ішінде белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасаған 93 азамат жауапқа тартылды. Ал ұсақ бұза­қылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаны жәбірлеп тиісу, мүлікті қорлау және айналасындағыларды сый­ла­маушылықты білдіретін тыныш­тық­ты бұзу бойынша 8 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Облыста «Қауіпсіз жол» же­дел-профилактикалық іс-шара­сы өткізілген болатын. Поли­ция сөзіміздің басында айтып өткен оқиғаның бас кейіпкері, яғни «Тойып ішіп алғанын» өзі де мойындаған мас әйелге қатысты іс құ­жаттарын жинақтап, сотқа жол­­дады. Нәтижесінде, 27 жас­тағы авто­леди жүргізуші куә­лі­гінен, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Жалпы, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезін­­де облыс полицейлері 16 838 әкім­­шілік құқықбұзушылықты анық­­тады, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 38 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ қарсы жолаққа шыққаны үшін 17 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін – 80, жол-көлік апаттық жағдай жасағаны үшін – 43, көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін –117 және жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін 3 жүргізу­ші анықталды. Жыл­дамдықты асырған – 4 922, қауіп­сіз­дік белдіктерін пайдаланбаған – 1 846, маневр жасау ережелерін бұзған – 610 және көлікті басқарған кезде телефонды пайдаланған 873 жүргізушіге айыппұл салынды. 657 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ полицейлер «Қорғау» бағдарламасының көмегімен әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және келіп түскен сот қаулыларының негізінде жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді. Мәселен, полицияға 4 миллион теңгеден астам сомаға берешегі бар «BMW» автокөлігі бойынша сигнал түсті. Полицейлер аталған көлікті Түркістан қаласының көшесінен анықтады. Сондай-ақ Сайрам ауданының патрульдік полиция инспекторлары қарызы шамамен 9,5 миллион теңгені құрай­тын «Hyundai» автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Қос автокөлік айыппұл тұрағына қойыл­ды. Ал Ордабасы аудандық поли­ция бөлімі «Cadillac Escalade» көлі­гін көшелердің бірінде тоқ­та­тып, айыппұл тұрағына орналас­тыр­ды. Сот орындаушының қау­лы­­сына сәйкес аталған көлік құра­лы­ның жүргізушісіне 6 миллион тең­геге жуық қарыз есептелгені бел­гілі болды.

Түркістан облысында ем­дік қасиеті бар сасық кеурек және қызыл мия өсімдігі жо­йылу қау­пі­нің алдында тұр. Осыған қатыс­ты жүргізілген ғылыми зерт­теу жұмыстарының нәтижелері бо­йынша аталған өсімдіктерді «Қы­зыл кітапқа» енгізу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Облыс әкімінің тап­сыр­масымен «алтын тамыр» деген қосымша атауы бар жабайы өсетін сасық кеурек пен мия­ны алуға тыйым салынбақ. Облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзу­шылық профилактикасы жө­нін­дегі ведомствоаралық комис­сия­ отырысында тәртіп сақшы­ла­ры осылайша табиғатты қор­ғау мә­се­лесі де назардан тыс қал­ма­ға­нын аңғартты. Орман күз­еті қыз­мет­керлері өткен жылы таби­ғат­ты қор­ғау және бра­коньерлік құқық­бұзу­­шы­лық­тар­дың алдын алу б­о­йынша 1216 рейдтік іс-шара ұйым­­дас­ты­рып, 420 заңбұзу­шы­лық фак­ті­сін анықтаған. Заң бұз­у­­шыларға 9 млн теңгеден астам әкім­шілік айыппұл салынған. Жыл басынан бері 40-тан астам заңбұзу­шылық фактісі анықталып отыр.

 

Түркістан облысы