Аймақтар • 23 Сәуір, 2024

Семейде ультра заманауи спорт кешені салынады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде «Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады. Соңғы эскиз бекітілді. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалар рәсімделіп жатыр, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталады. Құрылысты 2026 жылдың ақпан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде ультра заманауи спорт кешені салынады

Фото: Абай облысы әкімдігі

«Стадион тек спорттық жетістіктердің символы ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарын тарту орталығына айналмақ. Бұл ауқымды жоба футбол жанкүйерлерінің де, қалың жұртшылықтың да үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Жаңа стадион тек спорттық жарыстардың алаңы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жастағы, спортқа деген қызығушылықтары бар адамдар жиналатын орын болмақ. Бұл стадионның құрылысы - Қазақстанның спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Ол жарыстар кезінде көрермендер мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи технологиялармен және ыңғайлы жабдықтармен жабдықталады. Сыйымдылығы мен ерекше дизайнының арқасында стадион тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, ел қонақтарының да назарын аударады», деп түсіндірді әкімдік.

Жаңа стадион тек спорттық шаралармен шектелмейтінін айта кету керек. Онда түрлі концерттер мен көрмелерді де ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті