Аймақтар • 23 Сәуір, 2024

6 облыстағы өзендерде су деңгейі төмендеді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

6 облыстағы өзендерде су деңгейі төмендеді

Фото: Астана арнасы

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр. 

Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызылған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікке су Ақмола облысынан келіп жатыр.

Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ екені анықталды.

Төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.