Қоғам • 24 Сәуір, 2024

«Жүректен – жүрекке!»

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен – жүрекке!» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы игі іс аясында Петропавлға 3 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Этномәдени бірлестік өкілдері мен кәсіпкерлер су басқан аумақтағы тұрғындарға азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар жөнелтті.

«Жүректен – жүрекке!»

Күні бүгінге дейін су басқан өңірлерге достық үйлерінен 700 млн теңгеден астам қаражатқа көмек жіберіліпті. Ол үшін 12 мыңға жуық волонтер қызмет көрсетіп жатыр.

– Қазақстан халқы Ассамблея­сынан «Жүректен – жүрекке!» ак­ция­сының аясында қазіргі кезде 1 100 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Сомасы 750 млн-нан асты. Тек гуманитарлық көмек емес, өз техникасы, экскаваторы бар кәсіпкерлер кө­мек беріп жатыр. Су басқан өңір­лерде күн­делікті 1 000-2 000 адам­ға – төтен­ше жағдай қызмет­керлері, волонтерлерге ыстық та­мақ бе­ре­міз, – деді Қазақстан хал­қы Ассам­блеясының мүшесі, «Дуст­лик» өзбек бірлестігі төр­ағасының орын­басары Хасан Шәріпов.

Қазір елордада 9 гумани­тар­лық көмек қабылдау пункті жұмыс істеп тұр. Онда 30-ға жуық еріктілер ұйымы бар. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды. Айта кетерлігі, еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Тек қажетті зат­тар­дың тізімін жасақтап, әкелу­ге ниетті жандарға ұсынады.

«Жүректен – жүрекке!» ак­ция­сы барысында Астанадан Ақмола, Қарағанды және Сол­түстік Қазақстан облыс­та­рына гуманитарлық көмек жө­нелтілді. Сондай-ақ ҚХА аясында республикалық және өңірлік штабтар құрылған. Волонтерлік орталықтар да ұйымдастырылды. Қоғам жанашырлары апатты аудан­дарда, ауылды мекендерде ха­лыққа көмектесіп, дәрі-дәр­мек­терін алып барып, қиын-қыс­тау жағдайдағы ағайынның алғы­сын алып жүр.